Жаңалықтар
Әуезов университетінің проректоры Садыбек Бейсенбаев «Қаныш Сәтбаев» медалімен марапатталды
- Қаралды: 24
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Бейсенбаев Садыбек Қалмаханұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылғы 2 қазандағы № 1341 бұйрығына сәйкес «Қаныш Сәтбаев» ведомстволық медалімен марапатталды.
Республика күніне арналған мерекелік шара Астана қаласында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өтті. Жоғары марапатты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады.
Отандық ғылым мен жоғары білім саласының дамуына үлес қосып келе жатқан ғалым-ұстаз, білікті басшы Садыбек Қалмаханұлын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ғылым мен білім жолындағы еңбегіне толағай табыс, жаңа жетістіктер, зор денсаулық және отбасына амандық тілейміз! Еліміздің ғылымы мен жоғары білімінің өркендеуіне қосар үлесі арта берсін!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз