Жаңалықтар
Жастарға жаңа мүмкіндік: университет пен «ADILET TV» серіктестік орнатты
- Қаралды: 121
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен «ADILET TV» телеарнасы өзара ынтымақтастық меморандумын түзді. Басты мақсат – жастардың қоғамдағы орнын нығайтып, бастамаларына қолдау көрсету және көкейкесті мәселелерді ашық талқылау.
Құжатқа Басқарма төрағасы-ректоры Мұхтар Төлеген мен «ADILET TV» телеарнасының директоры Назипа Мамықова қол қойды. Аталған келісім студенттердің әлеуетін ашуға, кәсіби дамуына қолдау көрсетуге және білім мен тәжірибені ұштастыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Серіктестік аясында жастар саясатын дамытуға бағытталған бірлескен телевизиялық жобаны іске қосу, дуальды білім беруді дамыту және білім алушылардың телеарна базасында өндірістік әрі кәсіби тәжірибеден өтуін ұйымдастыру көзделген. Бұл бастамалар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік береді.
Бірлескен телевизиялық жоба арқылы жастардың көзқарасы, тың идеялары мен бастамалары кеңінен насихатталып, қоғамдағы өзекті мәселелер ашық талқыланады. Сонымен қатар студенттер медиа саласының жұмыс үдерісімен танысып, тәжірибелі мамандардан үйренуге және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз