Жаңалықтар
«Оқырман ұлт – кемел болашақ»: әдеби-пікірсайыс турнирі өтті
- Қаралды: 20
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Ақпараттық білім беру орталығы мен Жастар орталығы «Оқырман ұлт – кемел болашақ» атты университетішілік әдеби-пікірсайыс турнирін өткізді.
Турнирдің ашылу салтанатында университеттің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғани Әбзелбекұлы Бесбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Зияткерлік доданың мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби шығармалар арқылы ой-өрісін кеңейту және шешендік қабілетін дамыту.
Турнирге университеттің «Ақиқат» пікірсайыс орталығынан 20-ға жуық фракция қатысып, әдеби шығармалар бойынша білімдері мен пайымдарын ортаға салды. Қатысушылар өз ұстанымдарын дәйекті дәлелдермен қорғап, шешендік шеберлігі мен пікірсайыс мәдениетін танытты.
Кітап оқитын ұлт – кемел болашақтың кепілі. Жастардың кітапқа құштарлығы артып, білім мен парасатты ту еткен ұрпақ қатары көбейе берсін!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз