«Қазақстан – келісім мен бейбітшілік мекені»

19 қазан – Рухани келісім күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Қазақстан – келісім мен бейбітшілік мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
«Тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты – Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісімнің маңызын түсіндіру, толеранттылық пен өзара құрмет құндылықтарын дәріптеу, жастар арасында бейбітшілік мәдениетін қалыптастыру.
Дөңгелек үстелге университеттің Басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев, Мұнай-газ ісі кафедрасының профессоры К. Надиров, «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Оқу-әдістемелік орталығының басшысы Б. Хамитова, Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, доцент А. Монтаев, Ақпараттық білім беру орталығының сектор меңгерушісі Б. Аленовна, өзге этнос өкілдері арасындағы профессор-оқытушылар құрамы және студент жастар қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы, «Тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының басшысы Г.Ә. Жанысбекова іс-шараны ашып, Рухани келісім күнінің мән-мазмұны мен қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтудағы рөлі туралы сөз қозғады.
Басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев ел бірлігі мен рухани келісімнің маңызын атап өтті. Сондай-ақ университетте өзге этнос өкілдерінен 400-ге жуық оқытушы қызмет ететінін, 2000-ға жуық студент білім алатынын және 30 түрлі этнос өкілін біріктіретін «Достық» клубы жұмыс істейтінін жеткізді.
Кездесу барысында этносаралық татулық, дінаралық келісім, мәдениеттер диалогы мен қоғамдағы тұрақтылық мәселелері талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, студенттердің сауалдарына жауап берді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.