Жаңалықтар
«Конституция – бірліктің негізі, спорт – табысқа бастар жол»: Әуезов университетінде спартакиада басталды
- Қаралды: 12
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 1-курс студенттері арасындағы XVIII спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Биылғы спорттық дода «Конституция – бірліктің негізі, спорт – табысқа бастар жол» тақырыбымен ұйымдастырылды.
Жастардың спортқа деген ынтасын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен бұл дүбірлі доданың шымылдығын университетіміздің Басқарма төрағасы-ректоры Мұхтар Төлеген өзі ашып, қатысушыларға сәттілік, әділ бәсеке, жоғары нәтижелер мен жарқын жеңіс тіледі.
Қуатты қолдаумен басталған бұл бәсекеде бірінші курс студенттері волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, кіші футбол, қол күресі және ұлттық нақыштағы арқан тарту сынды спорт түрлерінен бақ сынайтын болады.
Спартакиада 22 қазанға дейін жалғасады. Ал үздіктер 23 қазан күні өтетін жабылу салтанатында марапатталады.
Жарыстың жеңімпаздары арнайы марапаттар мен қаржылай сыйлықтарға ие болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз