Жаңалықтар
«Өнерге адал ғұмыр»: ұлттық гобелен өнерінің көрнекті өкілі Батырбек Өтептің мұрасы ұлықталды
- Қаралды: 21
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде ұлттық гобелен өнерінің негізін қалаушылардың бірі, кәсіби суретші, қазақ бейнелеу өнерінің бірегей тұлғасы Батырбек Туғанбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Өтеп Батырбектің шығармашылық мұрасы: дәстүр сабақтастығы және заманауи көркемдік ізденістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми басқосуға еліміздің өнер қайраткерлері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, суретшінің шәкірттері, Ресей мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарының ғалымдары, сондай-ақ тұлғаның жары Бибайша Өтепова қатысты.
Алдымен келушілер назарына суретшінің 30-дан астам туындысы қойылған көрме ұсынылды. Конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген университеттің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген тағылымды іс-шараның маңыздылығына тоқталып, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлғаның мұрасын ұлықтау және оны келер ұрпаққа аманаттау маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар Батырбек Өтептің жары Бибайша Өтеповаға алғысын білдіріп, оған «Мұхтар Әуезов атындағы» төсбелгісін салтанатты түрде табыстады.
Сондай-ақ ғылыми басқосу аясында «Өнерге адал ғұмыр» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл кітапта суретшінің сан қырлы шығармашылық жолы, ұлттық өнерге қосқан өлшеусіз үлесі мен бай көркемдік мұрасы туралы құнды мәліметтер жинақталған. Еңбекті құрастырып, жинақтаған – қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының докторы Садыбек Бейсенбаев.
Іс-шара барысында тұлғаның алғашқы шәкірттерінің бірі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Ералыұлы баяндама жасады. Ал педагогика ғылымдарының докторы, профессор Д.А.Кемешов пен Қазақстан қолөнершілер мен суретшілер одағының мүшесі, әйгілі қолөнерші Бибіажар Симова өз естеліктерімен бөлісті.
Сібір дәстүрлі қолданбалы өнер институты директорының кеңесшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К. Амиргазин (Ресей), Мемлекеттік оқу-ағарту университетінің «Сурет және кескіндеме» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы С. Аманжолов (Ресей) және Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің доценті Д. Туланова құттықтауларын жеткізіп, суретшінің дара қолтаңбасы түркі өнері кеңістігінде ерекше орын алатынын атап өтті.
Конференция аясында қатысушылар секциялық отырыстарда қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы мен даму тарихын, тоқыма өнерінің тарихы мен дәстүр сабақтастығын, сондай-ақ өнер арқылы тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылауда.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз