Жаңалықтар
Ректор №10 оқу ғимаратының жай-күйімен танысты
- Қаралды: 19
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген №10 оқу ғимаратының материалдық-техникалық базасымен танысып, оны жақсарту бағытында бірқатар тапсырма берді. Аталған ғимаратта «Спорт және туризм» факультетіне қарасты «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының студенттері білім алады.
Нысанды аралау барысында университет басшысы кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, білім беру үдерісін жетілдіру және кафедраның даму бағыттары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар спорт залының жай-күйін көріп, оның қазіргі жағдайына назар аударды.
Ректор спорт залының кең әрі сәулетті екенін атап өтіп, сонымен бірге оның біршама тозғанын және жөндеу жұмыстарын қажет ететінін айтты. Осы ретте, ең алдымен, залды заманауи прожекторлармен жабдықтап, сапалы жарықтандыру жүйесін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырма берді.
«Жастарға жайлы, заманауи әрі сапалы білім беру ортасын қалыптастыру басты міндетіміз. Оқу ғимараттары студенттердің талап-тілегіне сай болып, олардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауы керек. Бұл бағытта қолымыздан келгенше жұмыс жүргізіп, жастарға қолайлы жағдай жасауымыз қажет», - деп атап өтті Мұхтар Әділбекұлы.
Алдағы уақытта ғимараттың материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытында мүмкіндігінше тиісті жұмыстар атқарылмақ.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз