Жаңалықтар
«Думан» театры – республикалық фестивальдің бас жүлде иегері!
- Қаралды: 12
Университетіміздің мақтанышы – «Думан» Халықтық-жастар театры тағы бір мәрте өз биігін дәлелдеді!
2026 жылғы 16–18 қазан аралығында SDU University жанындағы «OYAN» студенттік театрының бастамасымен «ІЗ» республикалық студенттік театрлар фестивалі өтті. Өнер додасында университетіміздің «Мәдени-тынығу және сахналық қызмет» кафедрасы жанынан құрылған «Думан» театры Бас жүлдені иеленді!
Фестиваль қазылары – елімізге танымал кино және театр майталмандары «Думан» театры сахналаған «Менің атым Қожа» қойылымын үздік деп таныды.
Театр жастары шығармашылық бастамаларына қолдау көрсетіп, фестивальге қатысуына қаржылай мүмкіндік жасаған Басқарма Төрағасы – ректор Мұхтар Төлегенге алғыстарын білдіреді. Мұндай қолдау жас өнерпаздардың шабытын арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға жол ашады.
«Думан» театрының бұл жеңісі – университетіміздің мәдени өміріндегі жарқын жетістіктердің бірі. Өнерлі жастарымызға толағай табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!
Бас жүлде құтты болсын, «Думан»!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз