Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры жоғары марапатқа ие болды

 Астана қаласында Жоғары білім беру саласы қызметкерлері күніне арналған форум өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен еліміздің жоғары оқу орындарының басшылары қатысқан жиында студенттерді әлеуметтендірудің заманауи тәсілдері, жоғары оқу орындарындағы жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктерінің тиімділігі және жасанды интеллект дәуіріндегі университеттің жаңа моделі сынды өзекті мәселелер талқылануда.
 
Форумға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген бастаған делегация да қатысып отыр.
 
Іс-шара аясында еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға, ғылым мен білімнің өркендеуіне және білікті мамандар даярлауға елеулі үлес қосқан сала өкілдері марапатталды. Олардың қатарында университет басшысы Мұхтар Әділбекұлы Төлеген де бар. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
 
Мәртебелі награданы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек салтанатты түрде табыс етті.
 
Бұл марапат жоғары білім жүйесін жетілдіруге, ғылым мен білім сапасын арттыруға және білікті мамандар даярлауға қосқан елеулі үлестің лайықты бағасы. Сонымен қатар, бұл жетістік – университет ұжымының бірлігі мен табанды еңбегінің, ортақ мақсат жолындағы ынтымағы мен кәсіби біліктілігінің нәтижесі.
 
Ұжымның қолдауы мен бірлескен еңбегі университеттің дамуына серпін беріп, осындай толайым табыстарға жетуге негіз болары сөзсіз.
 
Мұхтар Әділбекұлы, марапатыңыз құтты болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.