Жаңалықтар
Auezov university ректоры Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан-Бельгия ректорлар форумына қатысты
- Қаралды: 71
Астана қаласында Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан-Бельгия ректорлар форумы өтті.
Жоғары деңгейде өткен халықаралық іс-шараға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы қатысты.
Мемлекет басшысының шақыруымен жүзеге асырылған Бельгия Королі Филипптің мемлекеттік сапары екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды оқиға болды. Сапар аясында Ақордада маңызды келіссөздер өтіп, олардың қорытындысы бойынша жоғары білім, ғылым және инновация салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздейтін Бірлескен мәлімдеме қабылданды.
Бұл сапардың маңыздылығын алдағы тарихи дата да айқындай түседі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, 2027 жылы Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толады.
Форумға Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшылары мен Бельгия университеттерінің 12 ректоры қатысты. Astana Hub халықаралық инновациялық кластері мен Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының алаңдарында жоғары білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау, ғылыми зерттеулерге жасанды интеллект технологияларын енгізу, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейту және бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті үшін Бельгияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту нақты нәтижелерге негізделген маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Университет бірнеше жылдан бері Бельгияның Гент университетімен (Ghent University) табысты әріптестік орнатып келеді. Осы ынтымақтастық аясында университет магистранттары Erasmus+ халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып, шетелдік тәжірибе жинақтауда.
Басқарма төрағасы-ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлының осындай жоғары деңгейдегі форумға қатысуы мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуда және халықаралық ғылыми-білім беру дипломатиясын дамытуда университеттердің рөлі артып келе жатқанын айғақтайды.
Қазақстан мен Бельгия басшылығы арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың маңызы зор. Бұл бастамалар екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы академиялық әріптестікті кеңейтуге, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға және ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз