Жаңалықтар
Педагогикалық шеберлік пен кәсіби құзыреттілік: өңірдегі кадр тапшылығын жоюдың тиімді жолы
- Қаралды: 20
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде педагогтік қайта даярлау курстары 2021 жылдан бері табысты жүзеге асырылып келеді. Осы уақытқа дейін 166 тыңдаушы курсты сәтті аяқтап, өңірдің білім беру саласында еңбек етіп жатыр. Ал биылғы оқу жылында 11 білім беру траекториясы бойынша 42 тыңдаушы оқуға қабылданды.
Бағдарламаның мақсаты – педагогикалық білімі жоқ, педагогтік қызметке алғаш рет кірісетін тұлғаларды кәсіби даярлау, заманауи оқыту әдістерін меңгерту және өңірдегі педагог кадрлар тапшылығын азайтуға үлес қосу.
Қазіргі уақытта тыңдаушылар «Педагогикалық және кәсіби құзыреттілік» пен «Педагогикалық шеберлік» модульдері бойынша білім алып, кезекті емтихандарын тапсырды.
Сабақтарды «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Заурет Қабылбекова, аға оқытушы Маржан Молдаханова, «Математика» кафедрасының философия докторы (PhD), аға оқытушы Элмира Мүсірепова, «Биология және география» кафедрасының философия докторы (PhD), аға оқытушы Салтанат Арыстанова жүргізеді. Оқытушылар тыңдаушыларға теориялық білімін тереңдетіп, практикалық дағдыларын шыңдауға басымдық береді.
Университет педагог кадрлардың кәсіби әлеуетін арттыруға және өңірдің білім беру саласын дамытуға бағытталған жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып жатыр.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз