Жаңалықтар
Кәсіптік бағдар беру орталығының директоры тағайындалды
- Қаралды: 19
Әбілхайыр Темірханұлы Батырбай – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, физика пәнінің мұғалімі, ҰБТ сарапшысы. Жоғары және орта білім беру жүйесінде педагогикалық, ұйымдастырушылық және басқарушылық тәжірибесі бар маман.
Әбілхайыр Темірханұлы 2015-2018 жылдары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Осы кезеңде студенттік бастамаларды қолдау, қоғамдық жобаларды үйлестіру және университеттің ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысу бағытында тәжірибе жинақтаған.
2020 жылы №23 мектеп-лицейінде физика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. 2023–2025 жылдары «Tolebi Smart School» мектебінің, 2025–2026 жылдары «Дарын-2025» зияткерлік мектебінің директоры қызметін атқарған. Басшылық қызметінде оқу үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық ұжымның жұмысын үйлестіру, білім сапасын арттыру және оқушыларды жоғары оқу орындарына даярлау бағыттарына көңіл бөлген.
Әбілхайыр Темірханұлының білім беру ұйымдарын басқарудағы тәжірибесі, педагогикалық біліктілігі және жаңашыл бастамалары Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Кәсіптік бағдар беру орталығының жұмысын жетілдіруге, мектептермен әріптестікті нығайтуға, талапкерлерді тарту жұмыстарын жүйелеуге және олардың саналы мамандық таңдауына зор үлес қосады деп сенеміз!
Әбілхайыр Темірханұлы, жаңа қызметіңіз құтты болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз