Жаңалықтар
DOS SCHOOL CUP: республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды
- Қаралды: 25
2026 жылғы 11 қазанда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Шекарасыз әлем, жаңа мүмкіндіктер дәуірі» тақырыбында DOS SCHOOL CUP республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Зияткерлік бәсекені университеттің Жастар орталығы жанындағы AQIQAT пікірсайыс орталығы ұйымдастырды. Турнирге еліміздің 6 өңірінен 64 фракция құрамында 128 спикер қатысты. 100-ге жуық командадан түскен өтінімдер арасынан іріктелген жас пікірсайысшылар білімін, шешендік шеберлігін және сыни ойлау қабілетін ортаға салды
Қатысушылар спорт, білім беру, әлеуметтік мәселелер және еліміздің күштік құрылымдарына қатысты өзекті тақырыптарды талқылап, өз ұстанымдарын дәлелдермен қорғады. Турнир оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, пікірсайыс мәдениетін қалыптастыруға және өңірлер арасындағы достық байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.Турнир жеңімпаздары:
І орын — «Барбаросса» фракциясы, Шымкент қаласы
Рүстемұлы Аян — Қамбар мектебі;
Бахит Аймен — №149 ЖОББМ.
ІІ орын — «Серпер» фракциясы, Алматы облысы
Серік Хамза — Үшқоңыр ОМГ;
Тұрсынбекова Жұлдыз — №88 ЖОББМ.
ІІІ орын — «Qora» фракциясы, Қызылорда қаласы
Дастанұлы Диас — БИЛ 9;
Серік Аян — №135 ЖОББМ.
ІІІ орын — «Triple G» фракциясы, Тараз қаласы
Есенғали Жұлдызай — №3 мектеп-лицей;
Есенғали Жанайым — №3 мектеп-лицей.
Ең үздік спикер — Исматулла Ерболұлы
Түркістан қаласы, Ж. Ташенов атындағы №23 IT мектеп-лицейі.
Үздік спикер — Қайрат Айғаным
Шымкент қаласы, «Дарын-1».
Турнир қатысушыларға тәжірибе алмасумен қатар, Әуезов университетінің білім беру мүмкіндіктерімен және белсенді студенттік ортасымен танысуға жол ашты.
Жеңімпаздар мен үздік спикерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға, төрешілерге және ұйымдастыруға атсалысқан AQIQAT пікірсайыс орталығының командасына алғыс білдіреміз.
DOS SCHOOL CUP — білім мен парасаттың, шешендік пен сыни ойлаудың тоғысқан алаңы!
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз



