Жаңалықтар
Айгүл Төлеметова – «Басқару және бизнес» Жоғары мектебінің деканы
- Қаралды: 25
Төлеметова Айгүл Саинқызы – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетін «Инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, белгілі ғалым-экономист. Жоғары білім беру жүйесінде 30 жылдан астам ғылыми-педагогикалық және басқарушылық тәжірибесі бар білікті маман.
Айгүл Саинқызы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің аспирантурасын бітіріп, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған. Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Экономика және бизнес» бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілген.
Ол «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2023» мемлекеттік грантының иегері, «Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері. Ол аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуы бағытында зерттеулер жүргізіп, отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Ғалымның ғылыми еңбектерінің қатарында 400-ден астам халықаралық және республикалық ғылыми мақала, 12 монография, 14 оқу құралы, 5 электрондық оқулық және студенттер мен магистранттарға арналған 60-тан астам әдістемелік нұсқаулық бар.
Тәжірибелі басшы, білікті педагог әрі ғалым-экономист Айгүл Саинқызының мол білімі мен тәжірибесі университетіміздің дамуына, білім беру сапасын арттыруға және жаңа жетістіктерге жетуіне зор үлес қосады деп сенеміз!
Айгүл Саинқызы, жаңа қызметіңіз құтты болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз