Жаңалықтар
Педагог даярлаудың жаңа көкжиегі
- Қаралды: 26
«Жаңа буын педагогі: цифрлық, дәлелді, инклюзивті педагогика. Менторлық» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Мақсаты – ҚР 2026-2029 жылдарға арналған педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында заманауи педагогті даярлаудың жаңа бағыттарын айқындау, цифрлық және инклюзивті білім беру тәсілдерін жетілдіру, педагогикалық практика мен менторлықтың тиімділігін арттыру.
Семинарға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, 6В01 – «Педагогикалық ғылымдар» білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер, профессор-оқытушылар құрамы және әдістемелік комиссия төрағалары қатысты. Ал модераторы – Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Рысгүл Құдретуллаева.
Жиында оқу-әдістемелік орталық басшысы Барно Хамитова, п.ғ.д., профессор Заурет Қабылбекова, «Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы білім беретін орта мектеп» директоры Жансұлу Сихамбекова, т.ғ.к., доцент Сандуғаш Қалдықозова, п.ғ.д., профессор Негматжан Алметов және Жұмысқа орналастыру және құзыреттер орталығының директоры Таслима Аубакирова баяндама жасады.
Кездесуде AI-Driven Pedagogy, жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде қолдану, «Университет 5.0» моделі, инклюзивті білім беру, педагогикалық практика мен менторлық, болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі және жұмыспен қамту мәселелері қарастырылды.
Семинар барысында болашақ педагогті даярлаудың жаңа тәсілдері сараланып, университет пен мектеп ынтымақтастығын күшейтуге бағытталған өзекті ұсыныстар ортаға салынды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз