Тарихи тағылым – ұрпаққа аманат

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасы студенттерімен Жамбыл облысы, Жуалы ауданына тағылымды сапар ұйымдастырылды. 
Сапар барысында «Бауыржан Момышұлы», «Қайрат» және «Талапты» ауылдарына барып, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Сонымен қатар әскери кафедра студенттері Бауыржан Момышұлының мемориалдық музейіне және қазақтың көрнекті жазушысы Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйіне барып, халқымыздың тарихы мен руханиятына қатысты құнды мұралармен танысты.
Осындай тарихи-танымдық сапарлар студенттердің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық рухын көтеруге, әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға және тарихи санасын қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.