Жаңалықтар
Мектеп пен университет байланысы: оқушылар кәсіби бағдар алды
- Қаралды: 17
Шымкент қаласындағы Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушылары университетімізге танымдық сапармен келді.
Кездесудің негізгі мақсаты — оқушыларға кәсіби бағдар беру, университеттің мүмкіндіктерімен және «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің білім беру бағдарламаларымен таныстыру.
Сапар барысында оқушылар жоғары мектептің оқу кабинеттері мен зертханаларын аралап, материалдық-техникалық базасымен, білім беру бағдарламаларымен, ғылыми және әлеуметтік бағыттағы жұмыстарымен танысты.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдауына қажетті ақпарат алды.
Осындай кездесулер жасөспірімдерге университет өмірін жақынырақ танып, болашақ мамандығы туралы саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз