12 жылдан кейінгі жеңіс: Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің мақтанышы, «Спорт және туризм» факультетінің 23-3к5 тобының білім алушысы – біздің студент Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль иеленді! Ол финалдық жекпе-жекте Иордания өкілі Зейад Ишаишті 5:0 есебімен айқын жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Бұл кездесу спортшымыз үшін маңызды қарымта болды. Сабырхан биылғы Азия чемпионатының финалында есе жіберген иорданиялық боксшыдан лайықты түрде реванш алды. Сонымен қатар, бүгінгі жетістік Қазақстан ерлер бокс құрамасы үшін Азиададағы 12 жылдық үзілістен кейінгі тарихи алтын ретінде тіркелді.
Осы жеңісі арқылы Әуезов университетінің білім алушысы халықаралық аренада мемлекетіміздің спорттық абыройын асқақтатып, оқу орнымыздың сапалы маман даярлаумен қатар, ел намысын қорғайтын нағыз патриоттарды тәрбиелейтінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.