«WORLDSKILLS SHANGHAI 2026» аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2026 жылдың 22–27 қыркүйегі аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында кәсіби шеберлік бойынша WorldSkills әлем чемпионаты өтті.
Халықаралық чемпионат аясында Сучжоу индустриялық кәсіптік-технологиялық институты мен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжі арасында өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған екіжақты меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандум екі білім беру ұйымы арасындағы байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және кәсіптік білім беру саласындағы өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:
* Студенттер алмасу – білім алушылардың халықаралық тәжірибе жинақтауына және кәсіби құзыреттіліктерін арттыруына мүмкіндік жасау;
* оқытушылар алмасу – педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуын және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
* кәсіби шеберлік байқауларын өткізу – білім алушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және халықаралық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту;
* оқу және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы – бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру;
* стандарттар мен оқу ресурстары бойынша ынтымақтастық – білім беру стандарттары, оқу-әдістемелік материалдар мен заманауи білім беру ресурстары бойынша тәжірибе алмасу;
* тәжірибелік-оқу базалары мен шеберханаларды дамыту – заманауи оқу-өндірістік базаны жетілдіру және практикалық оқыту мүмкіндіктерін кеңейту;
* дипломдық білім беру саласындағы ынтымақтастық – білім алушылардың дипломдық жұмыстарын орындау барысында тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру.
Халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою – кәсіптік білім беру сапасын арттыруға, озық халықаралық тәжірибені оқу үдерісіне енгізуге және білім алушылардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.
Қазақстан мен Қытайдың кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы бұл әріптестік студенттер мен оқытушылардың тәжірибе алмасуына, жаңа білім мен технологияларды меңгеруіне және заманауи еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлауға өз үлесін қосады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.