Жаңалықтар
Жаңа Конституциядағы жоғары білімнің рөлі талқыланды
- Қаралды: 31
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен жиын өтті. Кездесу Жаңа Конституцияның мазмұны мен негізгі қағидаларын түсіндіруге арналды.
Алқалы жиынға Басқарма мүшесі-әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев, университет баспасөз хатшысы, абайтанушы Әзімхан Исабек және «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Ардақ Монтаев қатысты.
Талқылау барысында спикерлер жастарға Ата Заңдағы білім мен ғылымның маңызы, адамның шығармашылық және интеллектуалдық ізденісі, сондай-ақ сапалы оқу мен қоғамның әлеуетін арттыру турасында жан-жақты ақпарат берді. Бұл ұстаным ұлы Абайдың «Толық адам» ілімімен де үндеседі. Хакім Абай адам бойындағы ақыл, қайрат, жүрек үйлесімін жоғары қойып, білім мен адамгершілікті қатар ұстанған кемел тұлғаны қалыптастыруды насихаттаған.
Бүгінгі оқу-ағарту жүйесі үшін де бұл қағидаттың мәні зор. Өйткені заманауи ғылымды меңгерген, жаңашылдыққа ұмтылған, сонымен қатар ел алдындағы жауапкершілігін сезінетін азамат – қоғамның басты құндылығы.
Әуезов университеті студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, ғылыми ойлауын дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын кемел тұлға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз