Жаңалықтар
«Заң мен тәртіп»: шетелдік студенттер көші-қон заңнамасымен танысты
- Қаралды: 45
Әуезов университеті – шетелдік студенттер саны көп жоғары оқу орындарының бірі. Қазіргі таңда университетте 2341 шетелдік студент білім алуда. Осыған байланысты олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі, құқықтары мен міндеттерін түсінуі және белгіленген талаптарды сақтауы маңызды.
Осы мақсатта университетте шетелдік студенттерге Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы мен ел аумағында болу тәртібін түсіндіруге бағытталған кездесу өтті.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған іс-шараға университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Гүлнара Карбозова, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, сондай-ақ Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мамандар шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болу тәртібін, құқықтары мен міндеттерін, қажетті құжаттарды уақытылы рәсімдеу және көші-қон талаптарын сақтау мәселелерін түсіндірді. Студенттік мәселелер жөніндегі департамент директоры Айдарбек Болысбек академиялық адалдық, білім беру процесі және емтихан талаптарына тоқталды.
Шетелдік студенттер дактилоскопиялық тіркеу мерзімін ұзарту, медициналық сақтандыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіріп, мамандарға сұрақтарын қойды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз