Мемлекеттік қызметке алғашқы қадам: жастарға қандай мүмкіндіктер бар?

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жастарды мемлекеттік қызметке тарту және осы бағыттағы жаңа мүмкіндіктерді түсіндіру мақсатында кездесу өтті. «Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбындағы кездесуге университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қ. Қадырбеков пен белгілі саясаттанушы Cәкен Аралбайұлы спикер ретінде қатысты.
  • Кездесу барысында студенттерге:
  • мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа ережелері мен тәсілдері;
  • конкурстық рәсімдердегі өзгерістер;
  • оқуын үздік аяқтаған түлектердің конкурстық іріктеуден тыс мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері;
  • мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар түсіндірілді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметті цифрландыру, кандидаттарды іріктеу тетіктерін жетілдіру, меритократия қағидаттарын нығайту және мемлекеттік қызметтің заманауи моделін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке қатысты нақты ақпарат алып, кәсіби бағыт-бағдар алды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.