Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметке алғашқы қадам: жастарға қандай мүмкіндіктер бар?
- Қаралды: 63
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жастарды мемлекеттік қызметке тарту және осы бағыттағы жаңа мүмкіндіктерді түсіндіру мақсатында кездесу өтті. «Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбындағы кездесуге университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қ. Қадырбеков пен белгілі саясаттанушы Cәкен Аралбайұлы спикер ретінде қатысты.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке қатысты нақты ақпарат алып, кәсіби бағыт-бағдар алды.
- Кездесу барысында студенттерге:
- мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа ережелері мен тәсілдері;
- конкурстық рәсімдердегі өзгерістер;
- оқуын үздік аяқтаған түлектердің конкурстық іріктеуден тыс мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері;
- мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке қатысты нақты ақпарат алып, кәсіби бағыт-бағдар алды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз






