Жаңалықтар
Arizona State University-мен стратегиялық серіктестікті дамытудың жаңа кезеңі
- Қаралды: 20
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне Arizona State University (ASU) Жаһандық академиялық бастамалар кеңсесінің жаһандық серіктестіктерді дамыту жөніндегі директоры әрі басшысы Кристофер Джонсон келді.
Жұмыс сапары аясында Кристофер Джонсон Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Мұхтар Төлегенмен және университет өкілдерімен пікір алмасты. Тараптар екі университет арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды. Негізгі назар ASU-мен серіктестік аясында жүзеге асырылып жатқан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Honors College жобасына аударылды. Сонымен қатар бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың келесі қадамдары айқындалып, бірлескен жұмыстың басым бағыттары нақтыланды.
Кристофер Джонсон «Информатика» кафедрасының оқытушылары және магистранттарымен жүздесіп, академиялық ынтымақтастық пен білім беру бағытындағы бірлескен бастамаларды сөз етті.
Сондай-ақ Arizona State University өкілі Universiti Putra Malaysia университетінің шақырылған профессорларымен пікір алмасты. Тараптар жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды.
Жұмыс сапары барысында университеттер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстар қаралып, алдағы бірлескен жұмыстың бағыттары белгіленді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз