Жұмысқа орналасуға жаңа мүмкіндіктер

Auezov University-дің 1000-нан астам соңғы курс студенті «Көрме» орталығында өткен қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
 
Іс-шара барысында студенттер түрлі салада қызмет ұсынатын жұмыс берушілермен кездесіп, еліміздің өңірлеріндегі, соның ішінде Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарындағы бос жұмыс орындарымен танысты. Сондай-ақ жұмысқа орналасу, кәсіби даму, өндірістік және кәсіби практикадан өту мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
 
Іс-шараға университет басшылығы мен факультет декандары қатысып, студенттерге қолдау көрсетті. Мұндай кездесулер болашақ түлектердің кәсіби бағытын айқындап, мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына және еңбек жолын сәтті бастауына мүмкіндік береді.
 
Auezov University түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына және кәсіби жолын нық бастауына жағдай жасау жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.