Жаңалықтар
Оқытушының жаңа көмекшісі – ChatGPT Edu мүмкіндіктері таныстырылды
- Қаралды: 35
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жоғары оқу орындарында ЖИ құралдарын тиімді пайдалану бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағытта Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жоғары оқу орындарын ChatGPT Edu лицензияларымен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруда. Жобаның операторы – Bilim Upskill.
Әуезов университетінде аталған жоба аясында Bilim Upskill ChatGPT Edu жобасының AI-методологы Абдулкәрім Абдулрахманұлы шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шара барысында университет ұжымына педагогтер мен білім беру ұйымдарына арнайы әзірленген ChatGPT Edu платформасының мүмкіндіктері таныстырылды.
Қатысушылар ChatGPT Edu-дың тегін нұсқадан ерекшеліктерін біліп, оны білім беру, ғылыми-зерттеу және әкімшілік жұмыстарда қалай тиімді қолдануға болатынын тәжірибе жүзінде көрді.
Әуезов университеті заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізіп, цифрлық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз