Жаңалықтар
Үздік оқырмандар байқауы: жүлде қоры 3 миллион теңге!
- Қаралды: 13
Кітап – білімнің қайнар көзі, ойдың шамшырағы, тұлға қалыптастыратын рухани қазына.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде университет ректорының бастамасымен «Кітап оқитын университет» жобасы аясында студенттер мен білім алушылар арасында үздік оқырмандарды анықтайтын байқау ұйымдастырылады.
Мұндағы мақсат: жастардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру және білім алушылардың таным көкжиегін кеңейту. Сонымен қатар тұрақты түрде ізденіп, өзін дамытуға ұмтылатын, әдебиетті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған өскелең буынды қолдау.
Қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген сөзі кітаптың адам өміріндегі және қоғам дамуындағы ерекше орнын айқындайды.
Кітаппен дос болған жан өз болашағына берік негіз қалайды. Себебі оқу адамның таным көкжиегін кеңейтіп, дүниеге түрлі қырынан қарауға, тың ойларды саралауға және өзіндік ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Байқау бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру деңгейлері бойынша өткізіледі.
Жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды.
Бұл байқау білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, университетте оқу мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Кітап оқитын ұрпақ елдің интеллектуалдық капиталы. Ал білімге ұмтылған, ізденетін және ойлайтын жастар қоғамның дамуына өз үлесін қоса алады.
Сондықтан барша білім алушыларды байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!
Кітап оқыңыз. Біліміңізді толықтырыңыз. Үздік оқырман атаныңыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз