Жаңалықтар
Қытай университетімен бірлескен жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды
- Қаралды: 38
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 2026–2027 оқу жылынан бастап Қытай Халық Республикасының Солтүстік Қытай электр энергетикасы университетімен (North China Electric Power University) бірлесіп, 6В07152 «Электр энергетикалық жүйелер инженериясы» білім беру бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бакалавриат деңгейіндегі бағдарлама 3+1 моделі бойынша іске асырылады.
Ағымдағы оқу жылында бағдарламаға алғашқы студенттер қабылданып, білім алуды бастады. Білім беру траекториясына сәйкес, студенттер бірінші және екінші курстарда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде, үшінші курста Қытайдағы Солтүстік Қытай электр энергетикасы университетінде білім алады. Төртінші курста оқуын аяқтау үшін өз университетіне қайта оралады. Осылайша, бағдарлама кәсіби даярлықты халықаралық академиялық тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Студенттерді Қытайда білім алуға алдын ала дайындауға ерекше көңіл бөлінуде. Қажетті тілдік құзыреттілікті қалыптастыру және серіктес университеттегі оқу үдерісіне сәтті бейімделу мақсатында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті студенттер үшін арнайы тілдік даярлық курстарын ұйымдастырды. Тілдік дайындық шетелге шыққанға дейін алдын ала басталады. Бұл студенттерге тек оқу үдерісіне ғана емес, сонымен қатар жаңа академиялық және мәдени ортаға да кезең-кезеңімен бейімделуге мүмкіндік береді.
Солтүстік Қытай электр энергетикасы университеті энергетика саласы мен инженерлік кадрларды даярлауға маманданған Қытайдың бейінді жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Осындай серіктеспен ынтымақтастық екі университеттің білім беру және ғылыми әлеуетін біріктіруге, мамандар даярлаудың мазмұнын жетілдіруге және электр энергетикасы саласындағы заманауи технологиялық үрдістерді ескеруге мүмкіндік береді.
Бірлескен бағдарлама кәсіби білімі, халықаралық академиялық тәжірибесі және энергетика саласының технологиялық трансформациясы жағдайында сұранысқа ие құзыреттері бар жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.
Бағдарламаның іске қосылуы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту және студенттерге шетелдік университеттерде білім алудың нақты мүмкіндіктерін ұсыну бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Студенттердің алғашқы қабылдануы екі университет арасындағы серіктестіктің нақты нәтижесіне айналып, алдағы уақытта академиялық ұтқырлықты, бірлескен ғылыми зерттеулерді, оқытушылар алмасуын және басқа да халықаралық бастамаларды дамытуға негіз болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз