Жаңалықтар
Шымкентте «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында әдістемелік семинар басталды
- Қаралды: 38
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Кадрларға қажеттіліктің өңірлік картасынан білім беру шешімдеріне дейін» тақырыбында 2 күнге жоспарланған әдістемелік семинар бастау алды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының «Мамандығым – болашағым» жобасының аясында ұйымдастырылып отыр.
Семинардың негізгі мақсаты – еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, өңірге қажетті мамандықтар мен құзыреттерді айқындау, кадр даярлау жүйесін жетілдіру және білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің нақты сұранысына сәйкес жаңғырту.
Семинарда аталған мәселелер бойынша Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының, Шымкент қаласы әкімдігінің және қалалық білім басқармасының өкілдері, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының топ-менеджменті, құрылымдық бөлімшелер мен бейінді орталықтардың басшылары, білім беру бағдарламаларының жетекшілері мен әзірлеушілері, сондай-ақ колледждер, жұмыс берушілер, салалық бірлестіктер мен өңірлік ұйымдардың өкілдері пікір алмасты.
Іс-шараның ашылуында Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген сапалы маман даярлау университет үшін басты басымдық екенін атап өтіп, бұл бастама жастарға нарықтағы жаңа үрдістерді түсінуге және сұранысқа ие бағыттарды айқындауға жол ашатынын жеткізді.
Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары Олжас Сәкеелв «Мамандығым – болашағым» жобасы: мамандықтар мен құзыреттер форсайты – кадрларды озық даярлау құралы ретінде» тақырыбында мазмұнды баяндама ұсынды.
«Мамандығым – Болашағым» бағдарламасы кеңсесінің жетекшісі Марина Скиба өңірлік карталар негізінде білім беру бағдарламаларын жаңарту бағыттарын таныстырды. Ал Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ Аккредиттеу бөлімінің басшысы Бахыткуль Абдижаппарова Шымкенттің кадрлық басымдықтары мен университеттің осы бағыттағы жұмыстарына тоқталды.
Семинардың практикалық бөлімінде панельдік пікірталас және топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Жоба аясындағы форсайт тәсілдері еңбек нарығының болашақтағы сұранысын алдын ала болжап, соған сәйкес білім беру мазмұнын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті жоғары білікті мамандар даярлау, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және еңбек нарығымен ықпалдастықты күшейту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз