Жаңалықтар
«Кітап оқитын университет» челленджі
- Қаралды: 18
Кітап - адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған білімі мен рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін баға жетпес қазына. Кітап оқу білімді тереңдетіп қана қоймай, ойлау мәдениетін қалыптастырып, дүниетанымды кеңейтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарды кітап оқуға баулудың маңызын атап өткен болатын. Осы бастаманы қолдау мақсатында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Кітап оқитын университет» жобасын қолға алды.
Университеттің оқу ғимараттарында студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыратын арнайы кітап оқу бұрыштары ұйымдастырылды. Ендігі мақсатымыз – кітап оқу мәдениетін жоғары оқу орындары арасында кеңінен насихаттау. Осыған орай «Кітап оқитын университет» челленджін бастап, эстафетаны әріптестерімізге жолдаймыз.
Эстафетаны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-ректор Сеитбек Куанышбаевқа жолдаймыз!
Кітап оқитын университет – кітап оқитын ұлтқа бастар қадам!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз