Жаңалықтар
Auezov university ғалымы мақта шаруашылығын дамытудың жаңа технологиясын ұсынды
- Қаралды: 25
Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамытуға арналған республикалық «Дала күні–2026» ғылыми-практикалық семинары өтті.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ұйымдастырған іс-шараға Түркия, Өзбекстан және қазақстандық жетекші ғалымдар мен сала мамандары қатысып, мақта өсірудің озық технологияларын ортаға салды.
Халықаралық деңгейде өткен маңызды семинарда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғалымы, «Агроинженерия және технология» ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі, ҚР ҰАҒА академигі Б.Е. Қалымбетов арнайы баяндама жасап, өзінің инновациялық жобасын таныстырды.
Ғалым «Ғылым қоры» АҚ гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіп алған маңызды бастамасын көпшілік назарына ұсынды:
Ғылым мен өндірісті тығыз байланыстырған университет ғалымдарының бұл жетістігі — өңіріміздің ғана емес, бүкіл республиканың аграрлық әлеуетін арттыруға қосылған сүбелі үлес!

- Жоба атауы: DP25997719 «Қолданыстағы мақта шитін түксіздендіру цехын технологиялық жаңғырту негізінде жоғары сапалы тұқым өндірудің серпінді технологиясын енгізу және мақта тұқымын өндірісін ұйымдастыру».
Ғылым мен өндірісті тығыз байланыстырған университет ғалымдарының бұл жетістігі — өңіріміздің ғана емес, бүкіл республиканың аграрлық әлеуетін арттыруға қосылған сүбелі үлес!
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз