Жаңалықтар
Түлек–2026: «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің түлектері үлкен өмірге қанат қақты
- Қаралды: 15
«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің 374 түлегі диплом алды.
Арманға бастар ақ жолдың алғашқы қадамы! Әуезов университетінің «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің түлектеріне көптен күткен дипломдарын алды.
Ақ жол, Әуезов түлегі! Graduation-2026 атауымен өткен салтанатты рәсімде Басқарма төрағасы – ректордың м.у.а. Ғани Бесбаев жас мамандарды маңызды белеспен құттықтап, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан түлектерге ақ жол тілеп, үздік бітірушілерге дипломдарын табыстады.
Мерекелік жиынға жоғары мектеп деканы Нұрлыбек Отарбаев пен кафедра меңгерушілері қатысып, түлектерге жүрекжарды лебіздерін білдіріп, жарқын болашақ пен кәсіби табыс тіледі.
Биыл «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебін 374 түлек тәмамдаса, олардың 14-і үздік диплом иегері атанды.
Жас түлектерге үлкен өмір жолында сәттілік, тың жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Түлек–2026, армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз