Ақ жол, Әуезов түлегі! «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің түлектері диплом алды

Қуанышқа, мақтанышқа және толқынысқа толы ерекше күн! Бүгін Әуезов университетінде «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің 410 түлегі көптен күткен дипломдарын алып, студенттік өмірдің жарқын бір белесін қорытындылады.
Салтанатты рәсімде басқарма мүшесі, ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректор Ақынқожа Жәнібеков түлектерді өмірлеріндегі ең айтулы күндердің бірімен құттықтап, үздік білім көрсеткен түлектерге дипломдарын табыстады.
Факультет деканы Шермахан Шапалов пен кафедра меңгерушілері де жас мамандарға жүрекжарды лебіздерін білдіріп, үлкен өмірге жолдама болған құжаттарын табыс етті.
Бүгінгі қуаныш – әр түлектің ғана емес, олардың ата-аналары мен ұстаздарының да ортақ мақтанышы. Алда жаңа белестер, үлкен жетістіктер мен жарқын болашақ күтіп тұр. Ақ жол, Әуезов түлегі – 2026!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.