«MADEMUAZEL» – «ELORDA CUP» Гран-при иегері!

Әуезов университетінің студенттерінен құралған «MADEMUAZEL» жайдарман командасы – «ELORDA CUP» республикалық арнайы жобасының Гран-при иегері! 
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 7 шілде күні өткен республикалық жобаға еліміздің әр өңірінен 13 команда қатысып, көрерменге тартысқа толы ойын мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жоғары деңгейде өткен додада Әуезов университетінің намысын қорғаған «MADEMUAZEL» командасы ерекше өнерімен көзге түсіп, бас жүлдені жеңіп алды.
Студенттерімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толайым табыстар тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.