Түлек-2026! Әуезов университетінде диплом табыстау салтанаты басталды

Бүгін Әуезов университетінде көптен күткен диплом табыстау салтанаты басталды!
Алғаш болып «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің түлектері дипломдарын алды. Бұл күн – студенттік шақтың ең әсерлі, ең толқынысты әрі ұмытылмас сәттерінің бірі. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бейнеқұттықтауымен басталды. Сонымен қатар, Басқарма төрағасы – ректордың м.у.а. Ғани Бесбаев жас мамандарға ақ жол тілеп, алдағы өмір жолында үлкен жетістіктер мен толағай табыстар тіледі.
Биыл «Басқару және бизнес» жоғары мектебін 315 түлек тәмамдады. Оның ішінде 25 түлек оқуын үздік аяқтап, қызыл диплом иегері атанды. Түлектерге дипломдарды Басқарма төрағасы – ректордың м.у.а. Ғани Бесбаев пен қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор Садыбек Бейсенбаев салтанатты түрде табыстады.
Мерекелік кеш әсем әндермен әрленіп, ерекше атмосфера сыйлады. Ал сахна сыртында толқу, соңғы дайындық, әдемі мантиялар, бір-бірімен естелік суретке түсіп үлгеруге асыққан түлектердің шат күлкісі – бүгінгі күннің ерекше көрінісіне айналды.  Ата-аналардың мақтанышқа толы жанары мен шынайы қуанышы бұл күнге ерекше сән берді. 
Құрметті түлектер, дипломдарыңыз құтты болсын! Армандарыңыз асқақ, жолдарыңыз ашық, қадамдарыңыз нық болсын! 
Сәт сапар, Түлек – 2026!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос