М. Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары «Білім» бағыты бойынша Қазақстанның ТОП-100 авторы қатарына енді

Бүгін Сіздермен ерекше мақтанышқа толы жаңалықпен бөліскіміз келеді! М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың екі ғалымы Қазақстанның «Білім» саласындағы ТОП-100 авторы қатарынан көрініп, университетіміздің ғылыми беделін тағы бір белеске көтерді.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы 2021–2025 жылдар аралығында Web of Science және Scopus халықаралық дерекқорларында ең көп жарияланымдары мен дәйексөздері бар қазақстандық аффилиациядағы авторлардың рейтингін жариялады.
«Білім беру» бағыты бойынша ТОП-100 рейтингке М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары енді:
  • Негматжан Алметов – педагогика ғылымдарының докторы, «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры;
  • Айнұр Жорабекова – «Техникалық мамандықтарға арналған шетел тілі» кафедрасының меңгерушісі.
  • Нұрлыбай Мадияров - "Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы" ЖМ деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Бұл жетістік ғалымдардың ғылыми өнімділігінің, халықаралық деңгейдегі дәйексөздік көрсеткіштерінің және университеттің білім беру саласын дамытуға қосқан үлесінің жоғары екенін айғақтайды.
Әріптестерімізді жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос