Ғылымға тағзым: «Химиктер аллеясы» ашылды

Бүгінгі күн Әуезов университетінің тарихындағы айтулы әрі ерекше күндердің бірі ретінде есте қалды. «Химия–2026: ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында университет аумағында жаңа нысан – «Химиктер аллеясының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аллеяның ашылуына елімізге және шетелге танымал ғалымдар, академиктер, конференция қонақтары қатысты. Бұл игі бастама химия ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымдардың еңбегін ұлықтауға, жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға және ғылыми сабақтастықты нығайтуға бағытталған.
Алдымен қонақтар академик Сұлтан Сүлейменовтың рухына тағзым етіп, ескерткіштеріне гүл қойды.
«Мұнай өңдеу және мұнай химиясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры, ҚР ҰҒА Құрметті президенті, академик, профессор, х.ғ.д., ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, университетіміздің түлегі Жұрынов Мұрат Жұрынұлы құттықтау сөзінде аллеяның ғылым мен білімге құрметтің символына айналатынын, оның студенттер мен жас зерттеушілерге шабыт беретін ерекше орын болатынына сенім білдірді.
Университетіміздің 1988–1991 жылдары аралығында ректоры болған, х.ғ.д., профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Наурызбаев Михаил Касымович бұл ғалымдарға көрсетілген құрмет екенін атап өтті.
«Химиктер аллеясы» – химия ғылымының өткенін дәріптеп қана қоймай, болашақ ғылыми жетістіктерге жол ашатын тағылымды кеңістік ретінде университет тарихынан орын алатыны сөзсіз.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос