Халықаралық ғылыми тағылымдамалар жаңашылдықтарға жол ашады

Университетіміздің Қосымша білім беру орталығы халықаралық әріптестік бағытындағы біліктілікті арттыру іс-шараларын жылдан-жылға белсендіріп келеді. Бұл орайда заман талабына сай бағдалмаларға негізделген біліктілікті арттыру курстары мен тағылымдамалар ұйымдастырылуда. Қазіргі уақытта, 2026 жылдың 18 мамыры мен 18 маусымы мерзімі аралығында, Қаршы мемлекеттік техникалық университетінің және И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (ҰЗУ) Ташкент филиалының профессор-оқытушылар құрамы университет базасында біліктіліктерін арттырып, ғылыми тағылымдамадан өтуде. Халықаралық тағылымдама барысында тыңдаушылар ғылыми-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және практикалық сабақтарға қатысып, білім беру үдерісіне заманауи педагогикалық тәсілдер мен инновациялық әдістерді енгізу бойынша жаңа білім мен кәсіби дағдыларды меңгеруде.
Каршы мемлекеттік техникалық университетінің «Геология және тау-кен ісі» кафедрасының профессор-оқытушылары Номдоров Р.У., Хужақұлов А.М. және Комилов Б.А.: «аталған біліктілікті арттыру іс-шаралары халықаралық тәжірибе алмасу бағытын жандандырып, жоғары білім беру сапасын арттыруға, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және білім беру үдерісіне озық шетелдік тәжірибелерді енгізуге ықпал ететінін, алдағы уақытта тағылымдама нәтижелерін оқу үдерісіне ендіретінін» айтты.
Қосымша білім беру орталығы мен тиісті кафедралар базасында ұйымдастырылған осындай тәжірибе алмасулар университетіміздің ғылыми әлеуетін одан әрі нығайтуға да елеулі үлес қосары даусыз.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос