«Кітап оқитын университет»: Жеңімпаздарды қала әкімі марапаттады

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен 2025 жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласы студенттер арасында оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын университет» бағыты пилоттық форматта іске қосылған болатын. Осы уақыт аралығында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ студенттері «Кітап оқитын ұлт» жобасында жақсы нәтиже көрсетті. Жобаға 2 мыңнан астам студент қатысып, 15 мыңнан астам кітап оқылды. Бұл – студенттеріміздің рухани дамуға деген жоғары қызығушылығының көрінісі.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жоғары нәтиже көрсеткен М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің ең белсенді студенттері, «Aqiqat» пікірсайыс клубының мүшелері Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тарапынан арнайы марапатталып, құрметке ие болды.
Жеңімпаздар:
І орын — М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, «Nomad» командасы
* Қанадилаев Азамат
* Аймахан Ерасыл
ІІ орын — М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, «Алмас қылыш» командасы
* Аселя Арманқызы
* Қазақпай Амира
Орыс лигасы бойынша:
І орын — «Денискины рассказы» командасы
* Умнов Денис
* Абилкасим Дарина
ІІ орын — «Мертвые души» командасы
* Потаренко Денис
* Евлантьев Ярослав
Студенттерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос