Жаңалықтар
Әуезов университетінде ғылымды дамытуға бағытталған маңызды меморандумға қол қойылды
- Қаралды: 350
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Дәрілік өсімдіктерді зерттеу” орталығы өкілдерімен ресми кездесу өтті.
Іс-шараға “Дәрілік өсімдіктерді зерттеу” орталығының директоры, PhD докторы, профессор Жанар Жеңіс, фитотерапевт ғалым Тәттібек Жарқынбеков, «БАС тауфарм» ЖШС директоры Әбдірахым Жұмабеков, сондай-ақ университеттің ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары мен ғалымдары қатысты.
Кездесу барысында фитохимия, фитотерапия, дәрілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу, биотехнология және агроинновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері кеңінен талқыланды. Тараптар ғылыми әлеуетті біріктіру, тәжірибе алмасу және өндіріс пен ғылым арасындағы байланысты күшейту бағытындағы мүмкіндіктерге тоқталды.
Кездесу аясында профессор Жеңіс Жанар өзінің J Plant BioMed бренді аясында шығарылған биологиялық белсенді қоспалар мен фитопрепараттарды таныстырып, олардың ғылыми негіздемесі мен тәжірибелік тиімділігі жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар, осы бағыттағы инновациялық бастамаларды дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылым мен білім саласындағы серіктестікті дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру, тәжірибе алмасу, жас ғалымдарды қолдау және дәрілік өсімдіктерді зерттеу бағытындағы инновациялық жұмыстарды дамыту көзделіп отыр.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз