Жаңалықтар
Әуезов университетінде «Бір белдеу – бір жол» бизнес-орта қызметтерін дамыту жөніндегі Қытай орталығы ашылды
- Қаралды: 15
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Бір белдеу – бір жол» бизнес-орта қызметтерін дамыту жөніндегі Қытай орталығы ашылды. Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру, ғылым, сараптамалық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған орталықтың ашылуына Қытай Халық Республикасындағы Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің ғалымдары (Northwest University of Political Science and Law) өңірдегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ өкілдері, бизнес қауымдастық мүшелері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
–Әуезов университетінің базасында ашылған Қытай орталығының ашылуын біз халықаралық академиялық ынтымақтасты нығайтудың жаңа кезеңі ретінде ғана емес, Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы кәсіпкерлік байланыстарды, іскерлік ортаны және экономикалық ықпалдастықты дамытуға бағытталған маңызды стартегиялық алаң ретінде бағалаймыз. Бүгінде Шымкент қаласында 100-ден аса қытайлық компания жұмыс істейді екен. Әрбір мемлекеттің өзіндік құқықтық және заңнамалық ерекшеліктері бар екені белгілі. Осыған байланысты университеттің «Заң» факультетінің мамандары орталық аясында екі елдің кәсіпкерлеріне тікелей құқықтық кеңес беріп, жан-жақты қолдау көрсетеді және құқықтық сүйемелдеу жұмыстары ғылыми негізде жүргізіледі, - деп атап өтті тараптар кездесуінде М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед Заки.
Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің профессоры Ван Иң Иң China Center ұзақ мерзімді халықаралық алаң ретінде қарастырылып, алдағы уақытта Орталық Азиядағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының жетекші өңірлік орталықтарының біріне айналуы көзделіп отырғанын жеткізді.
Атап өтейік, орталық қызметі аясында қазақстандық және қытайлық компанияларға консультациялық қызмет көрсетумен қатар, бірлескен ғылыми зерттеулер ұйымдастыру, халықаралық форумдар, сараптамалық кездесулер мен білім беру бағдарламаларын өткізу, академиялық ұтқырлықты дамыту және кадрларды бірлесіп даярлау бағытындағы жұмыстар жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, жоба бауырластық байланыс орнатқан Қазақстанның үшінші мегаполисі – Шымкент қаласы мен Сиань қаласы арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға, гуманитарлық, ғылыми-білім беру және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндік береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз