Жаңалықтар
Yili Normal University студенттерімен кездесу өтті
- Қаралды: 19
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қытай Халық Республикасынан келген Yili Normal University студенттерімен ресми кездесу өтті.
Шетелдік студенттер үшін алғашқы күні университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және құрылымдық бөлім өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім алушылар оқу үдерісімен, академиялық ортамен және университеттің халықаралық студенттерге ұсынатын мүмкіндіктерімен танысты.
Сонымен қатар қонақтарға кампус, оқу ғимараттары, кітапхана және университет инфрақұрылымы бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, мәдениетаралық байланысты нығайтуға және білім алушылар үшін қолайлы академиялық орта қалыптастыруға бағытталған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз