Әуезов университетінде белгілі қоғам қайраткерімен кездесу өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы, отбасылық саясат, тәрбие және қоғамдық келісімді нығайту саласында белгілі қазақстандық қоғам қайраткері Шанаи Назипа Ыдырысқызы арнайы келіп, университет ұжымымен кездесті.
Назипа Ыдырысқызы – осы білім ордасының “Силикаттар технологиясы” мамандығының 1984 жылғы түлегі. Кездесуге қонақтың студенттік шағында білім алған кафедра оқытушылары, курстастары, университеттің Аналар кеңесінің мүшелері мен студенттер қатысты.
Жиында университеттің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев университет ұжымы әрбір түлегімен мақтанатынын атап өтіп, Назипа Шанаиға қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, отбасы институтын дамыту және аналар мәртебесін арттыру бағытындағы атқарып жатқан игі жұмыстарына сәттілік тілеп, алдағы қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар, құрметті мейманға “Әуезов” төсбелгісі, “Түлектер” төсбелгісі тағылып, университет түлектері қауымдастығының қатарына қабылданды.
Ұзақ жылдардан кейін өз альма-матеріне оралған қоғам қайраткері студенттік кезеңін сағынышпен еске алып, өмір жолы мен еңбек тәжірибесі жайында әсерлі әңгіме өрбітті. Жастарға бағыт-бағдар беріп, ел дамуына үлес қосу жолында адал еңбек етудің маңызын атап өтті.
Университет Аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жанысбекова да сөз алып, ұйымның атқарып жатқан жұмыстары мен қоғамдағы рөлі туралы мазмұнды баяндама жасады.
Іс-сапар аясында Назипа Ыдырысқызы университеттің бірқатар маңызды нысандарын аралады. Атап айтқанда, Мұхтартану орталығында, университет мұражайында, ғылыми оқу залдарында, сондай-ақ Arizona State University филиалында және телестудияда болды.
Бұл кездесу – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастарға үлгі боларлық өмір жолын насихаттаған тағылымды басқосу ретінде ерекшеленді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос