«Цифрлық дәуірдегі рухани үндестік: Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы»

Ұлттық Құрылтайдың V отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев Әл-Фараби, Ясауи, Абай ілімдерін жан-жақты дәріптеуге бағытталған ғылыми іс-шараларды тұрақты түрде өткізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-де «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми зерттеу институтының «Абайтану және Мұхтартану», «Түркология», «Тарих және этнология» ғылыми орталықтарының ұйымдастыруымен тағылымды іс-шара өтті. «Цифрлық дәуірдегі рухани үндестік: Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге ұлы тұлғаларды терең зерттеп жүрген ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы және докторанттар қатысты.
«Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ директоры ф.ғ.д., профессор Сандыбай Боранбаев ұлы тұлғалардың шығармашылық мұрасы ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі екенін атап өтті. «Абайтану және Мұхтартану» ғылыми орталығының басшысы, ф.ғ.к., доцент Ақжол Қалшабек «Мекемтас Мырзахметұлы еңбектеріндегі Абай Құнанбайұлы ілімінің зерттелу бағыттары» тақырыбындағы баяндамасында «Толық адам» идеясына тоқталды. Ф.ғ.к., доцент Сейдалы Оразалы «Абайдың толық адам концепциясы және қазақ адамтану ілімі» баяндамасында баяндамасында тарихи деректерді саралап, жас ғалымдарға болашақ зерттеу бағыттарын ұсынды. Сонымен қатар, «Абайтану және Мұхтартану» ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Асылбек Ноғаев Әбу Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи және Абай Құнанбайұлы мұраларының адам тәрбиесіндегі маңызын жан-жақты талдады. «Тарих және этнология» ғылыми орталығының басшысы Шолпан Торғауытова «ХХІ ғасырда адам капиталын дамытудағы Абай ілімінің рөлі мен маңызы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Жиында айтылған ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстар жас зерттеушілерге бағыт-бағдар беріп қана қоймай, рухани сабақтастықты заманауи цифрлық кеңістікте жаңғыртудың өзектілігін көрсетті. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, адам капиталын дамыту және саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос