Ғылыми кеңес отырысы өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Басқарма Төрағасы – ректор Дархан Ахмед-Закидың төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысының алдында Дархан Жұмақанұлы ғылыми атақтары мен дәрежелерін иеленген ғалымдарға аттестаттары мен дипломдарын, сонымен қатар халықаралық және республикалық байқаулар мен сайыстарда жеңімпаз атанған білім алушыларға дипломдары мен жүлделерін салтанатты түрде табыстады.
Мұнан әрі Ғылыми кеңестің күн тәртібінде университеттің негізгі бағыттарына байланысты өзекті мәселелер қарастырылды. Бірінші мәселе бойынша университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Ә.Д. Жүрімбет оқу орнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аясындағы тәуекелдер мен тиімділікті арттыруға бағытталған шаралары туралы баяндады. Мұнда университеттегі негізгі салаларды ұйымдастыру және басқару барысындағы түрлі тәуекелдердің алдын алуға бағытталған бірқатар тиімді ұсыныстар берілді. Келесі кезекте университеттің «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінде білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылу сапасы туралы комиссия төрағасы К.Р. Сартаева баяндап, жоғары мектептің ғылыми бағыттағы басымдықтары мен жетістіктерін атап өтумен қатар басқа бағыттарындағы кемшіліктеріне жан-жақты талдау жасап, комиссияның оларды жою бойынша ұсыныстарымен таныстырды.
Үшінші мәселе бойынша Ақпараттық білім беру орталығының директоры И.К. Саурбаева университеттің «Ақпараттық - білім беру орталығының» әлемдік цифрлық кітапханалармен әріптестікті жүзеге асыруының барысы туралы баяндады. Мұнда әлемдік цифрлық кітапханалармен байланыстардың ауқымын онан әрі кеңейту, студенттер мен ОПҚ-ның халықаралық платформаларға қолжетімділігін артыруды ұйымдастыру бойынша басты міндеттер таныстырылды. Мұнан соң Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Г.И. Елибаеваның ақпараттық баяндамасында 2025-2026 оқу жылындағы қысқы қабылдау бойынша докторанттардың диссертация тақырыптарын бекіту жөніндегі ұсыныс жасалды.
Сонымен қатар университет ОПҚ-ы мен қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің (KPI) жүзеге асырылуы туралы баяндаған Стратегиялық даму департаментінің директоры С.Ш. Джунусбекова құрылымдық бөлімдердің/ ЖМ, факультеттердің қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне жан-жақты талдау жасады.
Жиында университет ОПҚ-ны «профессор» ғылыми атағына ұсыну, университет ОПҚ-ның монографияларын баспадан шығаруға ұсыну, оқу жұмыс жоспарларын, БСҚТА (IQAA) институционалдық аккредиттеу аясындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша есепті бекіту, диссертациялық кеңестертердің ашылуы, докторанттардың ғылыми кеңесшілерін қайта бекіту және т.с.с. маңызды мәселелер қарастырылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос