М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ASU–Cintana Presidents’ Summit 2026 саммитінде

2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки бастаған делегация құрамында ASU–Cintana Presidents’ Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысты. Аталған іс-шара Arizona State University қолдауымен ұйымдастырылды.
Саммит Азия, Еуропа, Ұлыбритания, Латын Америкасы, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка өңірлерінен келген университет басшыларын біріктіріп, жоғары білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындауға және тәжірибе алмасуға арналған маңызды халықаралық алаңға айналды.
Бағдарлама аясында жаһандық білім беру кеңістігін трансформациялау мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект шешімдерін енгізу, білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Университет делегациясы халықаралық рейтингтер, жаһандық жоғары білімді дамыту және инновациялық білім беру тәжірибелерін енгізу мәселелеріне арналған стратегиялық және тақырыптық сессияларға қатысты. Сонымен қатар Cintana Education серіктес жоғары оқу орындарының өкілдерімен сараптамалық талқылауларға қатысып, тәжірибе алмасты.
Саммит бағдарламасына сәйкес қатысушылар Arizona State University Polytechnic Campus қызметімен танысты. Атап айтқанда, заманауи инженерлік білім беру үлгілері, озық өндірістік инфрақұрылым және инновациялық білім беру бастамалары ұсынылды.
Саммиттің маңызды іс-шараларының бірі – ректор Дархан Ахмед-Заки Arizona State University президенті Майкл Кроу қатысқан пленарлық отырыстарға қатысуы болды. Аталған отырыстарда ASU-дың жетістіктері мен инновациялық тәжірибелері, сондай-ақ жоғары білім беруді дамытудың стратегиялық көзқарасы ұсынылды. Сонымен қатар Cintana Education ұйымының ASU серіктес университеттерінің жаһандық желісін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Саммит қорытындысы бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бастамаларын дамытуға, сондай-ақ жасанды интеллект және цифрлық білім беру технологиялары саласындағы жобаларды ілгерілетуге бағытталған басым бағыттар айқындалды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос