Жаңалықтар
«Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті
- Қаралды: 27
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да «Тарих және педагогика» факультетінің «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша «Цифрлық дәуірдегі кітапхана: білім, инновация, болашақ» тақырыбында XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні мерекелерімен тұспа-тұс келуі оның маңыздылығын арттыра түсті.
Бұл олимпиада болашақ кітапханашы мамандар үшін кәсіби білімдерін тереңдетуге, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік берді. Қатысушылар тек теориялық білімдерін көрсетіп қана қоймай, практикалық тапсырмалар арқылы тың идеялар ұсынып, ақпаратпен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін меңгерді. Осылайша, байқау студенттердің кәсіби дамуына серпін беріп, кітапхана ісінің цифрлық дәуірдегі жаңа бағыттарын игеруге жол ашты.
Олимпиада бекітілген ережеге сәйкес үш кезең бойынша өтті:
• таныстыру кезеңі;
• теориялық кезең (кітапхана ісі, библиография, ақпараттық мәдениет және цифрлық ресурстар бойынша сұрақтар);
• практикалық кезең («Заманауи цифрлық кітапхана моделі» тақырыбында жобаларды қорғау).
Әр кезеңде қатысушылардың білімі, дағдылары мен кәсіби құзыреттіліктері жан-жақты бағаланды.
Нәтижесінде білім бәйгесінде топ жарғандар:
I орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Білім шамшырақтары» командасы.
Жетекшісі: қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Қалима Туенбаева
II орын –М.Әуезов атындағы ОҚУ «Sun book» командасы.
Жетекшісі: аға оқытушы Меруерт Тоиева
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «FM girls» командасы.
Жетекшісі: PhD, аға оқытушы Шынар Усенбаева
III орын – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті-нің «Bibliotich» тобы.
Жетекшісі: аға оқытушы, магистр Мейрамгүл Насырова
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Biblistars» командасы.
Жетекшісі: аға оқытушы, магистр Звайда Өтешева
Ж. Тәшенов атындағы университеттің «Qazaq book trend» командасы.
Жетекшісі: аға оқытушы, магистр Роза Төкенова
Арнайы номинациялар:
• «Үздік жоба» – М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Veline» командасы;
• «Үздік білімпаз» – Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «FM girls» командасы;
• «Үздік команда» – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Білім шамшырақтары» командасы;
• «Үздік жаңашылдық» – Ж. Тәшенов атындағы университеттің «Qazaq book trend» командасы.
Аталған олимпиада студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, кітапхана ісінің заманауи бағыттарын дамытуға серпін берген маңызды білім алаңы ретінде ерекшеленді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз