Университетте сейсмикалық оқу-жаттығу өтті

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да «Жер сілкінісі мен өрт орын алған кездегі іс-әрекеттер» тақырыбында кешенді сейсмикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі-нің 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 бұйрығы талаптарын орындау мақсатында өтті. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, эвакуациялау бағыттары мен қауіпсіз аймақтарды алдын ала айқындау, қауіпсіздік ережелерін меңгерту және эвакуация жоспарын пысықтау негізгі міндеттердің бірі болды.
Жаттығу барысында арнайы штаб құрылып, оған Инфрақұрылымдық даму департаментінің директоры, з.ғ.к., профессор Нұрлан Батырбаев және «Жаратылыстану-ғылымдары және педагогикасы жоғары мектебінің» деканы, п.ғ.к., доцент Нұрлыбай Мадияров жетекшілік етті.
Оқу-жаттығу кезінде дабыл сигналы берілісімен ғимарат ішіндегі оқытушылар құрамы мен білім алушылар белгіленген тәртіпке сәйкес жедел эвакуацияланып, қауіпсіз аймақ — ғимарат алдындағы алаңға толық жиналды. Эвакуациялау үдерісі ұйымдасқан түрде, белгіленген уақыт ішінде жүзеге асырылды.
Жаттығуды қорытындылау алдында Тұран ауданы ТЖБ №5 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері және жедел медициналық көмек көрсету станциясының №38 бригадасы оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес өз міндеттерін орындады. Атап айтқанда, азаматтық қорғау лейтенанты З. Сайлау мен дәрігер А. Токкулиева жетекшілік еткен мамандар төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара қорытындысында жауапты тұлғалар оқу-жаттығудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қатысушылардың дайындығына оң баға берді. Мұндай жаттығулар білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын нығайтуға мүмкіндік береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос