Жаңалықтар
Өңірлік экологиялық RES 2026 саммиті: М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары ауқымды ғылыми жобаларын таныстырды
- Қаралды: 20
2026 жылғы 22 сәуірде Астана қаласында бірқатар елдің Мемлекет басшыларының қатысуымен Өңірлік экологиялық RES 2026 саммиті өз жұмысын бастады. Аталған маңызды халықаралық жиынға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Армения Республикасының Президенті Вахагн Хачатурян, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Әзірбайжан Республикасының Премьер-Министрі Али Асадов, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен өзге де халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Саммиттің негізгі мақсаты – жасыл энергетиканы дамыту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сонымен қатар, күн тәртібінде экожүйені сақтау, қоршаған ортаны қорғау және өзекті экологиялық мәселелерді шешу бағыттары қарастырылуда.
Саммит аясында өткен RES 2026 EXPO халықаралық жасыл және тұрақты технологиялар көрмесінде қазақстандық жоғары оқу орындары өздерінің ғылыми жетістіктерін ұсынды. Солардың қатарында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары да экология және тұрақты даму саласындағы бірқатар инновациялық жобаларын таныстырды.
Көрмеде университет ғалымдары:
– қалалық ортаны абаттандыру және ауаны тазарту технологияларын;
– техногендік қалдықтар негізінде капсулаланған фосфорқұрамды минералды тыңайтқыштар өндіру әдістерін;
– хризотил-асбест өндірісінің қалдықтарын кешенді өңдеу технологияларын;
– топырақтың ылғалдылығын реттеу арқылы оның құнарлылығын арттыруға бағытталған шешімдерді ұсынды.
Аталған жобалардың бірі – «Green Lab» ғылыми бастамасы. Жобаның мақсаты – қалалық ортаны экологиялық тұрғыдан жақсартуға арналған инновациялық экоконструкциялық модульдер жүйесін әзірлеу. Бұл жүйе биологиялық компоненттерді (өсімдіктер, фитоценоздар), инженерлік құрылымдарды және цифрлық мониторинг технологияларын біріктіреді.
Жоба нәтижесінде:
– өңірдегі ауа сапасын жақсарту және жасыл аймақтарды көбейту;
– экологиялық таза және қайта өңделетін материалдар негізінде тұрақты инфрақұрылым қалыптастыру;
– қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, көшелер, аулалар) заманауи әрі функционалды ету;
– энергия мен табиғи ресурстарды үнемдейтін тиімді шешімдерді енгізу;
– тұрғындардың өмір сапасын арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылған.
Сонымен қатар, фосфор зауыты мен Ленгір көмір өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына қажетті жоғары тиімді минералды тыңайтқыштар алу технологиясы әзірленіп, егіс алқаптарында сынақтан өткізіліп, оң нәтижелер көрсетуде.
Оңтүстік өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, ылғал ресурстарын үнемдеуге бағытталған жоғары сіңіргіш қасиетке ие инновациялық материалдар мен гидрогельдер әзірленуде. Бұл технологиялар топырақтың құнарлылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Жітіқара байыту комбинатында ұзақ жылдар бойы жиналған өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері де қамтылды. Ғалымдар магнийге бай қалдықтарды өңдеу арқылы кешенді минералды тыңайтқыштар (магний, фосфор, азот, калий, күкірт құрамды) алу технологияларын ұсынды. Хризотил-асбест өндірісінің қалдықтарын өңдеу технологиясын «Қостанай минералдары» АҚ және «Орынбор минералдары» АҚ кәсіпорындарына енгізу ұсынылды.
Университеттің ғылыми жетістіктерін ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор А.Қ. Жәнібеков Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке және көрме қонақтарына таныстырды. Министр ұсынылған жобаларды жоғары бағалап, олардың өңірлік экожүйені дамытуға және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын үлесін ерекше атап өтті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз