Жаңашыл педагогтардың VI халықаралық форумы өтіп жатыр

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде әлем ғалымдары бас қосып, жаңашыл педагогтер даярлау және жас ұрпаққа білім берудің жаңашыл бағыттарын талқылауда. «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың VI Халықаралық форумына Қазақстан, Ресей, Қытай, Малайзия, Өзбекстан, Әзірбайжан және т.б. мемлекеттерінің профессор-оқытушылар құрамы қатысуда. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы колледж оқытушылары, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялардың мұғалімдері шақырылды.
Форумның мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін кеңейту, оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейі мен сапасын жақсартуға ықпал ету, сондай-ақ адами капитал сапасын арттыру, тұрақты даму тұрғысынан кәсіптік-педагогикалық білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттарын енгізу мен жүзеге асыру бойынша қызметті кеңейту.
Форумның ашылу салтанатында сөз алған университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім вице-министр Көбенова Гүлзат Ізбасарқызының құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар халықаралық іс-шараның маңыздылығын ерекше атап өтіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.
Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы А.Парманов қаламыздағы білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтсе, Гази университетінің (Түркия) PhD доктор, доценті Четин Генчер, Чжэцзян технологиялық университетінің профессоры (Қытай) Лю Вэнь Бин, МАРА Технологиялар университетінің (Малайзия) PhD докторы Мухамад Суфри Бин Мухаммад құттықтау сөз сөйледі.
Гази университетінің PhD доктор, профессоры Южель Гелишли «Білім берудегі инновациялық әдістердің рөлі: мұғалімдерді даярлау», Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің теориясы мен практикасы» кафедрасының профессоры К.К.Ибадуллаев «Реформалар кезеңіндегі педагогикалық психологияның трансформациясы», М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының психология кафедрасының доценті Л.З. Султанова «Студент и искусственный интеллект: психология нового образовательного 2 опыта», Іле педагогикалық университетінің ғалымы (Қытай) Чэн Шисюнь «Языковой Шёлковый путь» в межкультурном контексте: инновации и практика методики преподавания китайского языка для обучающихся из Казахстана» тақырыбында баяндамаларын оқыды.
Форум аясында түстен кейін птич-сессия, шеберлік-сабақтары, ашық сабақтар, онлайн-кустар басталды. Іс-шара ертең де жалғасын табады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос